Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598  бұйрығының 3 параграфтың 69 тармақшасын  басылыққа алып, қамқоршылық  кеңесі, ата-аналар  комитеті,  мектеп  әкімшілігі  өкілдері  мен  мектеп  медбикесінің  қатысуларымен  тамақтану  сапасына  мониторинг   жүргізу  мақсатында  мектебімізде   комиссиясы   құрылды.  Комиссия  төрайымы  мектеп  директоры  Хасанова  Жамал Әдебиетқызы.

18  ақпан  күні  жоспарға  сай,  мониторинг  комиссиясының   төрайымы   Хасанова  Жамал  Әдебиетқызы  комиссия   мүшелерімен  тамқатану  сапасына  зерделеу  жұмысы   жүргізілді.  Ас  мәзіріндегі  ас бұршақ   сорпасы  мен  сәбізден  жасалған  салаты  өте  дәмді    дайындалған  сонымен  қатар   оқушылардың  тағам  рационы  бойынша   бірыңғай  стандарттарға  сай   төрт  апталық  ас  мәзірі бекітілген,   тиісті  тағамның   граммдары    сақталып  беріліп  отырғаны  анықталды.  Асхананың  тазалығы,  қызметкерлердің   жеке  бас  гигеналы  өте  жақсы  сақталғаны  байқалды.  Асхана  іші  толық  стендтармен   жабдықталған,  тамақтардың  сертификаты   жарамды,  көкөніс, бракераж  журналдар   әр  күн  сайын  толтырылған,   бір  күнгі  тамақ  сақталынып   отыр.

 

  

 « Біздің  тамағымыз  өте  дәмді!»                       Бір  күндік   ас  мәзірінің  сақталуы 

 

  

Құжаттар  бұрышы

 

   

Тамақ  өнімдерінің   сақталуы                                    Көкөністердің  талапқа  сай  сақталуы 

 

          

Ата-ана комитетінің  төрайымы К.Айтимова              ас мәзіріне сай, тамақтың  дайындалу

ұсыныс, пікір  дәптеріне  өз   пікірін  қалдыруда.                  сапасын   тексеруде                   

  

 

  

       Көмекші  аспазшы   тамақ  дайындау  үстінде     Кезекші  мұғалімдер тамақтану тәртібін            

                                                                           бақылауда


Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  Министрлігінің ыстық  тамақ   туралы   ақпараты

 



Мектептегі  оқушылардың  ыстық  тамақпен  тамақтануы



 

Медбикенің  тәуіліктік 
сынаманың қалдырылуын 
қадағалауы 
   

 

 

         
Аспаздық  өнімдердің  сапасын
органолептикалық  бағалау
журналына  медбике жазба енгізуде

 

  

Медбикенің асхана қызметкерлерін 
ертеңгілік  тексеруі


 

2018-2019  жаңа  оқу  жылында  Теңіз  ауылдық  округінде  заманауи  оқу  құралдарымен  жабдықталған  үш  қабатты  300 орындық білім  ордасы  ашылды.                                                                           

Жаңа  мектепте  спорт зал,  ағылшын, химия, биология, физика  кабинеттері  ақпараттық  техникалық  оқу - құралдармен   және  работотехика  кабинеті  қажетті  құралдарымен  жабдықталған.  Сонымен  қатар  мектебімізде асхана  102 орындыққа арналған, су  орталық  су  құбыры  арқылы тартылған.   Асхана ішінде   бір бейне бақылау камерасы  және асхана дәлізінде  де бір   бейне бақылау камерасы   бар  және қазіргі уақытта  екі бейне бақылау камерасы  толығымен   жұмыс  жасап  тұр. Ыдыс  жуған  су  канализация  арқылы  септикке  жіберіледі. Тамақ   қалдықтар мен  қоқыстары арнайы  қазылған шұңқырға төгіліп  беті жабық болады. Жеке  кәсіпкер Б.Махмудова  асхана  ішін  ас  мәзірі салынатын  қабырға  стендісі, тамақтану  алдындағы  тазалықты  сақтау, тамақтану  ережелері туралы  стенділерімен   және  де әлеуметтік  аз қамтылған  оқушылар  туралы  мәліметтер  туралы   қабырға  стенділерімен  жабдықталды.  Асханаға  қажетті  құрал – жабдықтар  толығмен  жабдықталған.  Асханада  үш  қызметкер  жұмыс жасайды.   Аспазшы  саны – 1 (Құспанғалиева Айнагуль), аспазшының   көмекшісі  саны – 1(Ахасова Эльмира), тазалықшы-1 (Туралиева Тілекші)  қызмет  атқарады.  Асхана  қызметкерлері  дәрігерлік  тексерістен   өткен.

 

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің  Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы   № 717 бұйрығының 1-қосымшасы  «Орта  білім беру ұйымдарында  білім  алушыларды  тамақтандыруды  ұйымдастыру  қағидаларының » 11,12,13,15,16,77,78,79,80,81,82 тармақтарының , ҚР Денсаулық сақтау  министрінің 2017жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығының 111,122 тармақтарының  жүзеге  асыру  мақсатында   педагогикалық  кеңесте  таныстырылды.  Тамақтандырудың  сапасына  мониторинг  жүргізу  жөніндегі  комиссия  құрылды. Комиссия төрайымы  мектеп  директоры  болды.

 

Ю.А.Гагарин атындағы  жалпы орта мектебі  бойынша 1-11 сыныптар  бойынша – 307оқушы бар. Мектеп жанынан  ұйымдастырылған  ыстық тамақпен  1- 4 сыныпта –156 оқушы  түгел қамтылса, 5-11 сыныптар бойынша – 34  оқушы қамтылып отыр.  Мектеп бойынша жалпы - 190 оқушы  ыстық тамақпен қамтылуда.   Бір балаға шаққанда – 216 теңге14 тиын. Күн  сайын тамақ  ішетін ас мәзірі мектеп басшы бекітіп, ілініп  отыр. Күн  сайын медбике аспаздық  өнімдердің сапасын  органолептикалық  бағалау  журналына жазып, дайын  тағамдардың  сапасына   органолептикалық  бағалау   жүргізіп  отыр.   Сонымен   қатар  буфет  жұмыс жасайды, буфет уақыт тамақтанатын  оқушылардың уақытынан  бір  сағат  бұрын  тоқтатылады.                                                                                                                                          

Асханадағы  оқушылардың  тамақтану ережелерінің  және уақытылы тамақтануларының  қатаң сақталуын  жауапкершілікпен  қадағалау мақсатында   сынып жетекші мен  мұғалімдердің   кезекшілік  кестесі  құрылып  бекітілді. 

 

Тағамдардың  дәмді тағайындалуын,  оқушылардың,  асхана қызметкерлерінің  жеке бас гигиеналық тазалықтарына  және  асхана тазалықтарына  мектеп медбикесі  Т.Хайруллина  үнемі  бақылап отыр.