Мектептің толық  атауы : Ю.А. Гагарин атындағы  жалпы  орта   мектебі

                          Мектептің  қысқаша  тарихы

 

Мектептің алғашқы  ірге  тасы 1887 жылы қаланған . Бұл ,баяғы  сол  уақытта , қазіргі  Құрманғазы  ауданы  көлемінде  құрылған   алғашқы  4 мектептің  бірі .

Сол  кезде  осы   мектепте  40 ер бала , 1 қыз  бала  оқыған. Бірінші  мұғалімі   Нәубетов    Хамидолла болды .

1895 жылы   Ганюшкиннен  кейін  2 кластық орыс – қазақ  мектебі  болып  қайта  құрылды . 

1895 жылдары  ауыл ортасында   орыс – қазақ  мектебі  бола тұрса да , қазақтардың  білім   алуына   көп  көңіл  бөлінбеді

1924 жылы  осы  мақсатта   4 кластық  Телячье   мектебі   болып  қайта  құрылды .

1932 жылы  мектебімізге   жыл  алыбы    Жамбыл  аты  берілді және мектеп   7 жылдық  болды.

Жамбыл атындағы   7 жылдық  мектеп   болып   құрылғаннан   бастап  мектеп   директорлары :  

  1. Ғалиев Дидар
  2. Мусағалиев Қожахмет
  3. Байғазиева Мағмура
  4. Марданов Уақыт
  5. Қаратаев Шора
  6. Елеуов Қамал
  7. Ефремова Александра Матвеевна

1956 жылы мектебіміз   «Телячье»  7 жылдық   мектебі   болып  қайта  құрылды

1960 жылы   мектеп  «Телячье»    8 жылдық орыс – қазақ  орталау мектебі болып  қайта  құрылды .

1962 жылы  мектепте  Ю.А. Гагарин   аты  берілді .

1975 жылы   жалпы  білім  беретін  орта  мектепке  айналды.