Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты мектебімізде онлайн режимінде оқитын көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға. Облыстық білім бөлімінен үлкен көмек көрсетілді. Сабақ оқуларына қолайлы планшет табыс етілді. Көп балалы аналар Жамал Әдебиетқызы басқарған мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп жатыр.


Облыстық  «Менің  Отаным –Қазақстан»  туристік  экспедиялық  жасақтар  слётінің “Экологиялық соқпақ ” туры бойынша жүлделі  II орын  иеленген  Ю.А.Гагарин  атындағы  жалпы  қазақ  орта  мектебінің   9 сынып  оқушысы  Аташев  Арман  Аманұлын  құттықтаймыз.


Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кәмелетке жасы толмаған балалары бар отбасылар мен мектеп жасындағы өнерпаздар арасында өткен «Бірлік пен келісім» жобасына қатысқан «Берекелі дастархан» номинациясы бойынша Құрмағазы ауданы Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 6а – сынып оқушысы Ексанов Дарын марапатталды.

 

 


Хабарландыру

Аудандық   білім  бөлімінің  жоспарына  сәйкес  Ю.А.Гагарин  атындағы жалпы   орта   мектебінде  2020 жылдың  2 – 6 наурыз   аралығында «Әкенің ақ тілегін ақтау  парыз,  мен  бүгін  әкемді  ойлап  толғанамын » атты  Әкелер апталығы  өтеді.

 


 Хабарландыру

       2020 жылдың   11 ақпан – 21 ақпан аралығында  ата – аналар  үшін  “Ашық есік” күндері  деп жариялаймыз . Онкүндікке  белсене  қатысайық .

                                                             

                                             Мектеп  әкімщілігі 

 

 


Хабарландыру

 2020 жылдың   17 қаңтар күні сағ 15.00 де  аудандық  білім бөлімінің жоспарына  сай  Құрманғазы ауданының  Ю.А.Гагарин атындағы  жалпы  орта  мектебінде  1-11 сынып  оқушыларының ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында қоғамдағы келелі мәселер бойынша ата-аналармен кездесу, бірлескен ата-аналар жиналысы жоспарланып отыр, өткізілетін жиналысқа ата-аналар қатысуларыңыз сұралады. Жиналысқа Аудандық  білім бөлімі, Аудандық  полиция, Ардагер ұстаздар, Аудандық  ата-аналар комитеті, Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қызметкерлері, округ әкімі қатысады.


 

 

                                      Мектеп Әкімшілігі .